ШҚО-да жаңа МРТ орталығы: бір қабатты жаңа нысанға жемқорлардан қайтарылған 622 млн тг жұмсалған (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Алтай ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен МРТ орталығы ашылды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында жемқорлардан қайтарылған активтер есебінен Магнитті-резонанстық томография (МРТ) орталығын орналастыруға арналған жаңа ғимарат ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметінше, жоба мемлекет басшысының прокуратура органдары мемлекетке қайтарған заңсыз иемденілген активтерді әлеуметтік маңызы бар объектілерді қаржыландыруға бағыттау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылды. Жобаның жалпы құны — 622,6 млн теңге.

«Осы уақытқа дейін Алтай ауданында жеке томография кабинеті болмаған. Тексеруден өту үшін тұрғындарға 175 км қашықтықта орналасқан облыс орталығына баруға тура келетін, бұл егде жастағы пациенттерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға және шұғыл диагностиканы қажет ететін азаматтарға үлкен қиындықтар туғызды. Жаңа МРТ орталығының ашылуы ауданның және іргелес елді мекендердің 50 мыңнан астам тұрғынын сапалы әрі дер кезіндегі диагностикалық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», – делінген прокуратураның хабарламасында.

Осындай жобаларды жүзеге асыру денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді, сондай-ақ мемлекетке қайтарылған қаражаттың ашық әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.