«Ауыл» партиясының үміткері Шабанбай би ауылында сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Автор: Асқарова Қарлығаш

Ауыл тұрғындары өз ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді

Фото: «Ауыл» партиясының әлеуметтік желісінен

«Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткер Жақыпбек Жылқыбайұлы партия белсенділерімен бірге Ақтоғай ауданының Шабанбай би ауылында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Сапар барысында кандидат ауыл тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңірдің дамуына қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу соңында тұрғындар өз ұсыныстары мен тілектерін жеткізіп, ауылды дамытуға қатысты бастамаларын ортаға салды.