ҚХП өкілдері Астанада еңбек ұжымымен кездесті

Автор: Асыл Арман

Кездесуде бірқатар мәселе талқыланды

Фото: ҚХП/Видеодан скрин

Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар «Мечта Маркет» ЖШС-ге барып, кәсіпорын басшылығы және еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында қатысушылар өзекті мәселелерді, жаңа жұмыс орындарын құру, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын талқылады. Кәсіпорын өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, кездесіп отырған мәселелерді айтып, оларды шешуге қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Кездесудің басты мақсаты – еңбек ұжымымен ашық пікір алмасып қана қоймай, бизнесті дамытуға, еңбек жағдайын жақсартуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін ұсыныстарды қалыптастыру болды.

Қазақстан Халық партиясының пікірінше, тиімді өзгерістер еңбек адамымен, кәсіпкерлермен және ел экономикасының дамуына күн сайын үлес қосып жүрген еңбек ұжымдарымен тікелей диалогтан басталады.