Respublica Сәтбаев кәсіпкерлерімен ашық диалог өткізді

Автор: Аягөз Құрмаш

Кәсіпкерлердің әрбір мәселесі қаралды

Фото: Respublica партиясының баспасөз қызметі

Respublica партиясынан Құрылтайға кандидаттардың Сәтбаев қаласының кәсіпкерлерімен кездесуі ашық диалог форматында өтті. Үш кандидат, үш кәсіпкер және бизнесті толғандырған өзекті мәселелер жөніндегі еркін әңгіме – кездесудің басты ерекшелігі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ерлан Сүлейменов партияның ұстанымы туралы айтты.

«Respublica – сөзден бұрын іске мән беретін партия. Біз кәсіпкерлердің әрбір мәселесіне бейжай қарамаймыз, олардың мүддесін барлық деңгейде қорғап келеміз», – деді.

Екатерина Смолякова партия командасының тәжірибесіне тоқталды.

«Біз – бизнестен шыққан адамдармыз. Командамыздың орташа жасы – 37. Салықтың да, жалақы төлеудің де, есептіліктің де жауапкершілігін жақсы білеміз. Соңғы үш жарым жылда бірқатар өңірде бөлшек салық мөлшерлемесін 2 пайызға дейін төмендетуге қол жеткіздік. Біздің мақсатымыз – салықтың өңірдің дамуына қызмет етуі», – деді ол.