Алматыдағы Сайын көшесінің бір бөлігінде жылдамдық 60 км/сағ дейін төмендетілді

Автор: Асыл Арман

Рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық 80 км/сағаттан 60 км/сағатқа дейін төмендетілді

Фото: Azattyq Rýhy

Алматыда Сайын көшесінің Рысқұлов даңғылы мен Төле би көшесінің аралығындағы учаскесінде рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық 80 км/сағаттан 60 км/сағатқа дейін төмендетілді. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Жылдамдық шектеуінің төмендетілуі қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақтың іске қосылуына байланысты қабылданған. Әкімдік мәліметінше, шешім қабылдау кезінде Сайын көшесінің Райымбек даңғылымен және Төле би көшесімен қиылысындағы жолайрықтарының ерекшеліктері де ескерілген. Аталған аумақта кіріп-шығу жолақтары көп орналасқан.

Жаңа жылдамдық шектеуі көрсетілген учаскеде күшіне енді. Мамандар жүргізушілерге жол белгілеріне мұқият назар аударып, жаңартылған жылдамдық режимін сақтауға кеңес берді. Бұл жол қозғалысы ережелерін бұзудың және айыппұлдың алдын алуға мүмкіндік береді.