Олар өздеріне лагерь құрған
Африканың солтүстік жағалауында орналасқан Испанияның Сеута автономды қаласында мыңнан астам мигрант ішке кіру мүмкіндігін күтіп, уақытша ұстау орталығының жанында жиналып тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
EFE агенттігінің хабарлауынша, орталық лық толы, ал жүздеген мигрант жақын маңдағы таулы аймақта лагерь құрған.
Агенттік мәліметінше, мигранттардың басым бөлігі – Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінен келгендер. Орталық аймағы күшейтілген күзетке алынған, ал маңайдағы жағажайды мигранттар толығымен иеленіп алған. Бұған дейін ондаған адамнан тұратын топ аумаққа күшпен басып кірмек болғанымен, әрекеттері сәтсіз аяқталды.
Шілде айының соңында ондаған мың заңсыз мигрант Марокко шекарасын айналып өтіп, жүзіп немесе жаяу Сеутаға жеткен болатын. Осыдан кейін Испания билігі әскерилерді жұмылдырды, шекараны бұзып өту әрекеттері кезінде кем дегенде 72 адам қаза тапты.