«Ақ жол» партиясы Маңғыстауда ашық теңізде ерекше сайлауалды акция өткізді

Автор: Azattyq Rýhy

Партия өкілдері Каспий теңізіне Мемлекеттік ту мен партия туын алып шығып, әділетті экономика, кәсіпкерлікті қолдау және ұлттық мүддені қорғау бағытындағы ұстанымдарын паш етті

Скриншот видео

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясы Маңғыстау облыстық сайлауалды штабы өкілдері Құрылтай сайлауы аясында ашық теңізде ерекше акция өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекет туы мен партия туы желбіреген қайықтың теңізге шығуы – батылдықтың, еркіндіктің және нақты мақсатқа деген сенімнің белгісі.

Теңіз қандай кең болса, біздің елдің де мүмкіндігі соншалық мол. Сол мүмкіндікті тиімді пайдалану үшін «Ақ жол» әділетті экономикаға, кәсіпкерлікті дамытуға, ұлттық мүддені қорғауға, жастарға мүмкіндік беруге және заң үстемдігін қамтамасыз етуге басымдық береді.