Алматыда құтқарушылар тауда жоғалып кеткен екі жасөспірімді тапты

Автор: Дәулет Ботагөз

Хабарлама түскен бойда құтқарушылар дереу іздестіру жұмыстарына кірісті

Фото: ТЖМ

Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарын сәтті аяқтады. Құтқарушыларға тауға шығып, қайта оралмаған екі жасөспірім туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Хабарлама түскен бойда құтқарушылар дереу іздестіру жұмыстарына кірісті. Таулы аймақтың ерекшеліктері ескеріліп, жасөспірімдер жүруі мүмкін бағыттар толықтай тексерілді.

Жедел жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде жасөспірімдер Қарасай ауданы аумағындағы Турист шыңының маңынан табылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмады.