Шортандыда жер үй аумағынан өрт шықты

Автор: Дәулет Ботагөз

Қызыл жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыған

Фото: ТЖМ

Ақмола облысы Шортанды кентіндегі жер үй аумағында өрт шығып, ТЖД күштерімен толықтай ауыздықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өрт шаруашылық құрылыста тұтанған. Шақырту орнына жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары тілсіз жауды жедел түрде оқшаулап, сөндірді.

Қызыл жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, тілсіз жаудың шығуына электр жабдықтарын орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы себеп болған.