Қарағанды облысында 180 келіге жуық есірткі тәркіленді

Автор: Дәулет Ботагөз

Күдікті ретінде 45 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды

Фото: облыстық ПД

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері 180 келіге жуық есірткі затын сақтаған 45 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ішкі істер органдары жүргізген «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық операциясы барысында күдіктінің жанынан сатуға дайындалған тыйым салынған заттар, таразылар мен өлшеп-орау материалдары табылды. Кейін жедел уәкілдер ірі жасырын орынды анықтады.

Заңсыз айналымнан алынған есірткі заттарының жалпы салмағы шамамен 180 келіні құрады. Оның ішінде 15 келі гашиш пен 150 келіден астам марихуана тәркіленді.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, есірткі заттарын жеткізу мен өткізудің ықтимал арналары анықталуда.