2 тамыз күні ауа райы қандай болады

Автор: Дәулет Ботагөз

Жексенбі күні елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, ал оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады

Фото: © istockphoto.com

«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылдың 2 тамызына арналған ауа райы болжамын жариялады. Жексенбі күні елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, ал оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерде өткінші нөсер жауын жауып, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Еліміз бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрады.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлерінде аптап ыстық сақталады. Қызылорда және Түркістан облыстарында ауа температурасы +40…+42°C-қа дейін көтеріледі. Абай облысының оңтүстігінде +41°C-қа дейін өте ыстық болады. Жамбыл және Маңғыстау облыстарында +38…+40°C ыстық күтіледі. Ал Атырау, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Жетісу облыстарында ауа температурасы +35…+39°C аралығында болады.

Ауа температурасының жоғарылауына байланысты еліміздің басым бөлігінде өрт қаупі күшейеді. Синоптиктердің мәліметінше, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі жарияланды.

Қалған өңірлерде, соның ішінде Батыс Қазақстан мен Ұлытау облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.