Ол премьер-министр Санаэ Такаичиге арнайы жеделхат жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, президент Жапонияның Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты премьер-министр Санаэ Такаичиге, жақындарынан айырылған отбасыларға және Жапония халқына көңіл айтты.
«Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келуіне, жарақат алған адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Жапонияда соңғы 10 жылдағы ең жойқын жер сілкінісі болғаны хабарланған.