Алматыда «Тәртіп» компаниясы мемлекеттік үлесті заңсыз түрде арзан бағаға сатып алған

Автор: Асыл Арман

Сот 33,98% мемлекеттік үлесті мемлекетке қайтаруды міндеттеді

Фото: gov.kz

Алматы соты прокуратураның талап-арызы бойынша «Тәртіп» АҚ-дағы 33,98% мемлекеттік үлесті мемлекетке қайтару жөнінде шешім қабылдады. Прокуратура үлестің төмендетілген бағамен сатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметінше, талап қоюға мемлекеттік үлестің төмендетілген құнмен сатылғаны негіз болды.

Бұған дейін қала прокуратурасының талап қоюы бойынша соттың 2023 жылғы 12 шілдедегі заңды күшіне енген шешімімен 2017 жылғы 18 қазанда мемлекеттік үлесті сатып алу-сату туралы жасалған шарт жарамсыз деп танылған болатын.

«2026 жылғы 30 шілдеде Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен прокуратураның талап қоюы толық көлемде қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», – делінген прокуратураның хабарламасында.