Ақтөбе тұрғыны TikTok пен Instagram желісінде боқтағаны үшін жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Полиция интернет кеңістігіне мониторинг жүргізді

Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысының тұрғыны TikTok пен Instagram желісінде боқтағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері TikTok пен Instagram әлеуметтік желілерінде бейәдеп сөздер айтылған бейнежазбаны анықтады.

Тексеру нәтижесінде автордың, құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол – Ақтөбе облысының 38 жастағы тұрғыны Санат Нұртаев. Аталған азамат қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Полиция әлеуметтік желілердің көпшілікке қолжетімді қоғамдық кеңістік екенін еске салады. Сондықтан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптары интернет пайдаланушыларының әрекеттеріне де толық көлемде қолданылады», – делінген ІІМ хабарламасында.