Қазақстанда 40 градусқа дейін ыстық болады: кей өңірлерде нөсер жаңбыр жауады

Автор: Асыл Арман

Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық өңірлерде қатты ыстық болады

Фото: pixabay

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» болжамына сүйенсек, елдің басым бөлігінде қалыптан тыс ыстық болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, көптеген өңірде негізінен өткінші жауын-шашын жауады. Ал солтүстік және орталық аймақтарда бұршақ аралас жаңбыр жауып, екпінді жел соғады.

Ең жоғары ауа температурасы оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық өңірлерде күтіледі. Күндіз ауа температурасы +35…+40 градусқа дейін көтеріледі.

«Батыс өңірлерде 1 тамыздан бастап ауа райы біртіндеп өзгере бастайды. Температура сәл төмендегенімен, көпжылдық климаттық нормадан жоғары деңгейде сақталады», – делінген ауа райы болжамында.