Механизаторлар алдында сөйлеген сөзінде ҚХП төрағасы ауыл шаруашылығы елдің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі екенін атап өтті
Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар тобы партия төрағасы Нұрсұлтан Шоқановтың жетекшілігімен Солтүстік Қазақстан облысы Щучье ауылындағы «Белое Агро» ЖШС-нің машина-трактор шеберханасының (МТШ) еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy партияныі басппасөз қызметіне сілтеме жасап.
Механизаторлар алдында сөйлеген сөзінде ҚХП төрағасы ауыл шаруашылығы елдің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі екенін атап өтті. Дәл агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің еңбегі елді азық-түлікпен қамтамасыз етіп, отандық экономиканың экспорттық әлеуетін қалыптастырады.
«Аграрлық секторды дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болуы тиіс», — деді Нұрсұлтан Шоқанов.
Өз кезегінде Қазақстан Халық партиясы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару, жайылымдық жерлердің қолжетімділігін арттыру, су шаруашылығын дамыту, фермерлік кооперацияны кеңейту және ауыл кәсіпкерлерін субсидиялау тетіктерін жетілдіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Партия ауыл шаруашылығын дамытуға және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді шараларды ұсынады. Олардың қатарында АӨК-ті ұзақ мерзімді мемлекеттік қолдау тетіктері, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді азайту, ауылдық аумақтарды кешенді дамыту, заманауи цифрлық технологияларды енгізу, аграрлық ғылымды дамыту және білікті кадрлар даярлау бар. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау және өңдеу мәселелері де кеңінен талқыланды.
Кандидаттардың сөзінен кейін еркін форматтағы пікір алмасу өтті. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарын қойып, ашық пікір білдіруге мүмкіндік алды. Кездесу соңында «Белое Агро» ЖШС-нің басқарушы директоры Алексей Левин қонақтарға егіс алқаптары мен өндірістік нысандарды таныстырып, экскурсия өткізді.