«Ақ жол» еріктілері Жаңаөзен қаласындағы Теңге және Кендірлі ауылдарында үгіт-насихат жұмыстары бойынша ақпараттық материалдар таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еріктілер ауылдардағы арнайы белгіленген орындарға үгіт ақпараттарын ілу, орналастыру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ ауыл көшелерін аралап, тұрғындарға үгіт парақшаларын таратып, 23 тамыз Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды.
Айта кетейік, Жаңаөзен қаласы бойынша үгіт-насихат материалдарын тарату және орналастыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отырады.