Олар жастармен бірқатар мәселені талқылаған
«Ақ жол» партиясының Жастар қанатымен бірге «Таир» сауда үйінде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар кездесу барысында тұрғындармен тілдесіп, еліміздің дамуына, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған негізгі бастамаларымыз туралы айтқан.
«Сонымен қатар тұрғындарға ақпараттық және үгіт-насихат материалдарын тараттық. Жастарымыздың белсенділігіне, жігері мен ынтасына ерекше қуаныштымыз. Жастар қанаты бастамашыл, ел болашағына бейжай қарамайтын және нақты әрекет етуге дайын жастардың бірлігі», - дейді партия өкілдері.