«Ақ жол» партиясының өкілдері «Сұңқар» ЖШС ұжымымен кездесті

Автор: Аягөз Құрмаш

Олар бизнеске қолдау көрсету жайлы әңгімелескен

Фото: «Ақ жол»

Алматыдағы «Сұңқар» ЖШС еңбек ұжымымен «Ақ жол» демократиялық партиясынан ұлттық Құрылтайға депутаттыққа кандидаттардың кездесуі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиынға кандидаттар Алия Ракишева, Олжас Нуралдинов, Юрий Ли және партияның Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Азамат Киялбаев қатысты.

Кездесу барысында кандидат Алия Ракишева партияның отандық өндіріс пен бизнесті қолдауға бағытталған салық жүйесін жетілдіру ұсыныстарын тарқатып айтты. Ал кандидат Юрий Ли сайлаушыларды партиялардың бағдарламаларымен мұқият танысып, саналы таңдау жасауға шақырды.

Олжас Нуралдинов партияның жетістіктерін атап өтіп, ұлттық мүдделерді, халықтық ресурстар мен демократияны қорғаудағы күреске тоқталды.