Әзербайжанның екі бірдей футболшысы жол апатынан қаза тапты

Автор: Аягөз Құрмаш

Олар «Гобу» футбол клубында ойнаған

Фото: видеодан скриншот

Гобу-Локбатан автожолында 29 шілде күні кешке ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Oxu.az мәліметінше, мемлекеттік тіркеу нөмірі 99-EN-361 «Toyota» маркалы жеңіл автокөлігі «Ford Transit» шағын автобусымен соқтығысқан.

Апат салдарынан «Toyota» автокөлігінде болған Бахруз Султанов пен Рауф Гусейнов оқиға орнында қаза тапты. Ал «Ford Transit» жүргізушісі түрлі жарақаттар алды.

Қаза тапқандар «Гобу» футбол клубының ойыншылары болған.