30 шілдеде Қазақстан қалаларында ауа температурасы қандай болады

Автор: Алмас Ерсін

Елдің оңтүстігінде аптап ыстық +42 градусқа дейін жетсе, бірқатар өңірде жаңбыр мен найзағай күтіледі

Фото: © istockphoto.com

30 шілдеде Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық сақталып, кей өңірлерде ауа температурасы +42 градусқа дейін көтеріледі. Ал елдің батысында күн біртіндеп салқындай бастайды. Солтүстік, батыс және шығыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +19...+21, күндіз +33...+35 градус.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +18...+20, күндіз +31...+33 градус.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпінді. Түнде +22...+24, күндіз +38...+40 градус.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін. Түнде +23...+25, күндіз +34...+36 градус.

Ақтауда құбылмалы бұлтты. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +23...+25, күндіз +31...+33 градус.

Атырауда құбылмалы бұлтты. Түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде +24...+26, күндіз +32...+34 градус.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +22...+24, күндіз +35...+37 градус.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +16...+18, күндіз +30...+32 градус.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +19...+21, күндіз +33...+35 градус.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +17...+19, күндіз +33...+35 градус.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +20...+22, күндіз +35...+37 градус.

Қызылордада ашық ауа райы. Түнде +25...+27, күндіз +39...+41 градус.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +18...+20, күндіз +31...+33 градус.

Петропавлда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде +19...+21, күндіз +32...+34 градус.

Семейде құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +15...+17, күндіз +30...+32 градус.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +13...+15, күндіз +33...+35 градус.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпінді. Түнде +18...+20, күндіз +35...+37 градус.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпінді. Түнде +24...+26, күндіз +40...+42 градус.

Оралда құбылмалы бұлтты. Түнде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел екпінді. Түнде +18...+20, күндіз +26...+28 градус.

Өскеменде құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +14...+16, күндіз +27...+29 градус.