Аптап ыстық пен найзағай: 30 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Автор: Алмас Ерсін

Елдің бір бөлігінде аптап ыстық сақталса, солтүстік пен шығыста жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі

Фото: © istockphoto.com

30 шілдеге арналған ауа райы болжамына сәйкес, синоптиктер Астана қаласы мен Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жариялады. Елдің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, кей жерлерде тұман мен екпінді жел күтіледі. Орталық өңірлерде аптап ыстық сақталса, оңтүстікте ауа температурасы 44 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қатар көптеген облыста өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.

Ақмола облысында күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін жетеді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз 35 градус ыстық болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жауып, жел күшейеді. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі, түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысында түнде солтүстік-шығысында жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жауып, жел күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін жетеді. Облыстың батысында, шығысында және орталығында өрт қаупі жоғары болса, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше деңгей сақталады. Қостанайда күндіз 35-37 градус аптап ыстық болады.

Павлодар облысында күндіз солтүстігі мен шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел облыстың солтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында күндіз шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз 35 градус аптап ыстық болады. Шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз 35-37 градус ыстық болады.

Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан жел облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, екпіні 23 метрге жетеді. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Абай облысында батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан жел батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, екпіні 23 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан соққан жел күндіз шығысы мен оңтүстік-шығысында секундына 18 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз 35 градус ыстық болады.

Алматы қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел облыстың шығысы мен солтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін жетеді. Солтүстігінде, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз 35 градус ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соққан жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, екпіні 23 метрге жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, ал шығысы мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Таразда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қалада да төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында күндіз батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, тау асуларында екпіні 23-28 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 40-42 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, шығысында, солтүстігінде және оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары. Шымкентте солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 метрге дейін жетіп, күндіз 40 градус ыстық болады. Түркістан қаласында да желдің екпіні 15-20 метрге дейін күшейіп, ауа температурасы 40-42 градусқа дейін көтеріледі. Екі қалада да өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Қызылорда облысында күндіз орталығы мен шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 40-44 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да желдің екпіні 15-20 метрге дейін күшейіп, ауа температурасы 40-41 градусқа жетеді. Қалада да төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Түнде батысында, күндіз облыс аумағында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтерілсе, оңтүстігі мен шығысында 40-41 градусқа дейін жетеді. Солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында өрт қаупі жоғары, батысында, шығысында және солтүстік-шығысында төтенше деңгейде сақталады. Ақтөбе қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін күшейеді. Күндіз 35-36 градус ыстық болады, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Атырау облысында түнде батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында батысында, солтүстігінде және орталығында өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың батысы мен орталығында секундына 15-18 метрге дейін күшейеді. Күндіз солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде ауа температурасы 38-42 градусқа дейін көтеріледі. Батысы мен солтүстігінде өрт қаупі жоғары, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше деңгейде сақталады. Ақтауда өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Қалада өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Батыс Қазақстан облысында батысында, солтүстігінде және шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Батыстан және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады, ал батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Оралда түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Батыстан және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қалада өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.