Олар терроризмге қатысты айып таққан
Telegram мессенджерінің негізін салушы Павел Дуровқа қылмыстық іс аясында терроризмге жәрдемдесу бабы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Федералды қауіпсіздк қызметі хабарлағандай, Telegram әкімшілігі Ресейге қарсы диверсиялар жасау үшін Украина арнайы қызметтері белсенді пайдаланған арналар мен чаттарды, боттарды жоймаған.
«Telegram әкімшілігінің басшысы П.Дуровқа тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында Ресей ҚК-нің 205.1-бабының 1.1-бөлігінде (терроризм жасауға жәрдемдесу) көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша айып тағылды», – делінген хабарламада.