Астанада қыз ұзатудан кейін түнгі уақытта салют атқан ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды

Фото: Видеодан скрин

Астанада «Қыз ұзату» рәсімінен кейін түнгі уақытта заңсыз отшашу атқан 22 жастағы азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соның салдарынан жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінің тұрғындарының тыныштығы бұзылған.

Құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, салтанатты шара аяқталғаннан кейін шу шығарып, қоғамдық тыныштықты бұзған тағы үш адамға қатысты да әкімшілік шара қолданылды. Олар тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

«Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға мерекелік іс-шараларды қоғамдық тәртіп талаптарын сақтай отырып өткізуді ескертеді. Тыныштықты бұзу, сондай-ақ айналадағы адамдарға құрметсіздік танытатын әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады», – делінген ПД хабарламасында.