Ақмола облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соғылып, екі адам қаза тапты (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Тағы бір жолаушы әртүрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді

Фото: видеодан скриншот

«Астана – Петропавл» автожолының 157-шақырымындағы Бұланды ауданында Audi Q8 автокөлігі мен MAN жүк көлігі соқтығысып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Көкшетау қаласы бағытында бара жатқан Audi Q8 автокөлігінің жүргізушісі жол жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi Q8 жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы әртүрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалды. Апаттың мән-жайлары мен себептері анықталып жатыр.

Ақмола облысының полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларын жол жүрісі қағидаларының талаптарын қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, жол жағдайын ескеруге және жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде барынша мұқият болуға шақырады.