Өртті сөндіруге Экология министрлігі, ТЖМ және Қорғаныс министрлігінің күштері мен техникалары жұмылдырылды
Экология және табиғи ресурстар министрлігі 16 шілдеде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Қамышенка орманшылығында тұтанған орман өртінің 28 шілдеде толықтай сөндірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өртті сөндіруге Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Қорғаныс министрлігінің күштері мен техникалары жұмылдырылды.
«Барлық жұмылдырылған қызметтердің үйлесімді әрі бірлескен жұмысының нәтижесінде өрт толықтай сөндірілді», – делінген министрлік хабарламасында.