29 шілдеде бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Автор: Алмас Ерсін

Солтүстік пен шығыста нөсер, найзағай және бұршақ күтілсе, оңтүстік пен батыста аптап ыстық 42 градусқа дейін жетеді

Фото: © istockphoto.com

29 шілдеде синоптиктер Астана қаласы мен Қазақстанның барлық облысында дауылды ескерту жариялады. Елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, кей жерлерде қатты жаңбыр мен тұман күтіледі. Орталық және оңтүстік аймақтарда қатты ыстық, ал батыста аптап ыстық болып, ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі. Көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен жел соғып, күндіз екпіні секундына 15 метрге жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Батысында 36 градус қатты ыстық болады. Батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ болып, жел күшейеді. Түнде және таңертең шығыста тұман түседі. Солтүстіктен жел соғып, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні секундына 15-20 метрге, кей уақытта 25 метрге жетеді. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады. Оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ түседі. Солтүстіктен жел соғып, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен жел соғады, күндіз шығысы мен оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында таңертең және күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Батысында 35 градус қатты ыстық болады. Шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Ұлытау облысының оңтүстігінде түнде солтүстік және солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 15 метрге жетеді. Күндіз 35 градус қатты ыстық, ал батысында 40 градус аптап ыстық болады. Оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстігі мен таулы жерлерде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ болып, жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен жел соғып, күндіз солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен жел соғып, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Абай облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі. Түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында екпіні секундына 15-20 метрге, күндіз 25 метрге жетеді. Солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен жел соғып, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады. Солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

Алматыда төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауының тауларында, Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз шығыста екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады. Солтүстігінде, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23 метрге жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады, ал шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болады. Таразда солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде күндіз шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жылдамдығы секундына 15-20 метрге, тау асуларында екпіні 23-28 метрге жетеді. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады, ал шығысы мен оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 40 градус қатты ыстық болады. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының орталығы мен шығысында күндіз шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігі мен батысында бұршақ түсіп, жел күшейеді. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі, ал батысында, шығысында және солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысы мен солтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Батысында 35 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз 40-42 градус аптап ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында күндіз шаңды дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстігі мен орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі, ал батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Оралда күндіз 35 градус қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.