ТЖМ тікұшағы 6 жасар баланы шұғыл түрде ауылдан қалаға жеткізді (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Бала дер кезінде көмек алды

Фото: gov.kz

«Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы санитариялық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, 6 жасар науқасты шұғыл түрде қалаға жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әуе кемесімен Ақтөбе облысының Жүргенов ауылынан Ақтөбе қаласына 6 жастағы бала шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жеткізілді.

Тікұшақ экипажы мен медициналық бригаданың үйлесімді және жедел жұмысының нәтижесінде бала дер кезінде медициналық мекеме мамандарына жеткізілді.