54 жастағы Зидан бес жылдық үзілістен кейін бапкерлік қызметке қайта оралды
Әйгілі аңыз ойыншы, «Реал» клубының бұрынғы бас бапкері Зинедин Зидан ресми түрде Франция ұлттық құрамасының тізгінін ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Франция футбол федерациясы маманмен төрт жылдық келісімшартқа қол қойылғанын жариялады. Бұл қызметте ол 2012 жылдан бері ұлттық құраманы жаттықтырған Дидье Дешамның орнын басты.
54 жастағы Зидан бес жылдық үзілістен кейін бапкерлік қызметке қайта оралды. Ол «Реалмен» бірге 11 трофей жеңіп алған, оның ішінде Чемпиондар лигасының кубогын үш рет қатарынан иеленген.
Футболшы ретінде Зинедин Зидан Франция құрамасымен 1998 жылғы әлем чемпионаты мен 2000 жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанған.