Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында орналасқан сүт зауытының еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуге партияның Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Аллаберген Қонарбаев бастаған өкілдер қатысты.
Жиын барысында партия өкілдері сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, экологиялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, халық денсаулығын сақтау, тұрақты экономикалық даму және әлеуметтік қолдау мәселелеріне қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, партия өкілдері оларға жауап берді.