ЖСДП Көкшетауда еңбек ұжымдарымен кездесті

Автор: Асқарова Қарлығаш

Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, кандидаттарға сауалдарын қойып, пікір алмасты

Фото: скриншот

Ақмола облысында Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) өкілдері өндіріс саласы қызметкерлерімен кездесіп, еңбек қатынастарына қатысты өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көкшетаудағы «Eurasia Group» ЖШС ұжымымен өткен кездесуде еңбек құқықтарын қорғау, лайықты еңбекақы төлеу, еңбек қауіпсіздігін күшейту, әлеуметтік кепілдіктер және өңірдің даму перспективалары сөз болды.

Жиын барысында партия атынан ұсынылған кандидаттар сайлауалды бағдарламасында қамтылған еңбек саласына қатысты бастамаларды таныстырып, әлеуметтік әділеттілік пен еңбек адамының құқықтарын қорғауға қатысты ұстанымдарын ортаға салды.

Кездесу соңында кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, кандидаттарға сауалдарын қойып, пікір алмасты.