Каспий теңізінде жағадан ұзап кеткен бес жасөспірім қатты толқынның астында қала жаздады

Автор: Асыл Арман

ТЖМ қызметкерлері Каспий теңізінде бес жасөспірімді құтқарып қалды

Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауында төтенше жағдайлар мекемесінің құтқарушылары бес жасөспірімді ажалдан аман алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше, оқиға теңіз жағасында жүргізілген үгіт-насихат және профилактикалық іс-шаралар барысында болған.

«Шомылу кезінде теңіздегі қатты толқынның салдарынан жасөспірімдер өздігінен жағаға жете алмаған. Құтқарушылар жағдайға жедел әрекет етіп, дереу көмекке келіп, олардың барлығын жағаға жеткізді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ», – делінген ТЖМ хабарламасында.