Қарақат Әбден: Дәстүр тамыры – ауылда
ҚР Құрылтай депутаттығына кандидат Қарақат Әбден сайлау науқаны аясында өңірлерді аралады
«Ауыл» партиясынан ҚР Құрылтай депутаттығына кандидат Қарақат Әбден сайлау науқаны аясында өңірлерді аралап, ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілігімен, ұлттық салт-дәстүрімен таныстырып отырмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарақат Әбден сайлауалды сапары барысында ұлттық құндылықтың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы туралы айтып, оның ең алдымен отбасыдан басталатынын жеткізді. Осы орайда ол туған-туыстарымен бірге таба нан пісіріп, қазақы дастарқан мәдениеті мен дәстүр сабақтастығының мәніне тоқталды.
«Ұлттық құндылық – үлкеннің қолынан кішінің қолына өтетін өмірдің ізі. Дәстүр үзілмесе – ұрпақ та өз тамырын ұмытпайды. Таба нанның иісі, бір дастарқанның берекесі, үлкеннің тәлімі мен кішінің ықыласы – халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан асыл мұрасы», – деді Қарақат Әбден.
Кездесу барысында кандидат ауылдағы еңбек мәдениеті, отбасы тәрбиесі мен ұлттық дәстүрдің бүгінгі қоғамдағы орнына тоқталатын болады. Оның айтуынша, ауылдың дамуы еңбек адамына құрметпен қараудан, ұлттық рух пен отбасылық құндылықтарды сақтаудан басталады.