Respublica Шығыс Қазақстандағы ірі компаниялар тобының ұжымымен кездесті
Олар әрбір сауалға толық жауап берген
Respublica партиясының командасы Шығыс Қазақстан облысындағы AN Group компаниялар тобының ұжымымен кездесу өткізді. Мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған көпсалалы компания бүгінде құрылыс пен өндірісті тоғыстырған тұтас экожүйе қалыптастырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров пен кандидаттар сайлауалды бағдарламаның басымдықтарын таныстырып, қол жеткен нақты нәтижелерді баяндады.
Еңбек ұжымы салық жүктемесі, уақыт белдеуі, білікті кадр тапшылығы, отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау және заңнамалық өзгерістер туралы сұрақтар қойды. Әрбір сауалға толық жауап берілді.
AN Group басшысы Қайнар Дүйсенов нақты сектор мәселелерін кабинетте емес, еңбек адамдарымен тікелей талқылаудың маңыздылығын атап өтті.