Ақтөбе облысында BMW жүргізушісі жантүршігерлік жол апатынан көз жұмды

Автор: Асыл Арман

Жол апатының мән-жайы мен себептері анықталып жатыр

Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысындағы Самара – Шымкент тасжолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан BMW жол талғамайтын көлігінің жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Шетелдік көлік DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша, BMW жүргізушісі жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған.

Жол апатынан тағы алты адам жарақат алды. Ауруханаға жол талғамайтын көліктің бес жолаушысы мен жүк көлігінің жүргізушісі жеткізілді.

Адам өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.