Бадминтоннан қазақстандық жасөспірімдер Түркияда өткен турнирде қола жүлдегер атанды

Автор: Асыл Арман

Олар жартылай финалда Айсу Арслан мен Ниса Нур Чименге (Түркия) есе жіберіп, турнирді қола жүлдемен аяқтады

Фото: ҰОК

Бадминтоннан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен Navek Turkey International 2026 халықаралық турнирінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҰОК мәліметінше, әйелдер арасындағы жұптық сайыста (U19) Алиса Кулешова мен Диана Наменова қола медаль жеңіп алды.

Ширек финалда қазақстандық жұп Түркия өкілдері Гүлсү Демирбелек пен Элиф Наз Сискиноглудан басым түсті. Ал жартылай финалда Айсу Арслан мен Ниса Нур Чименге (Түркия) есе жіберіп, турнирді қола жүлдемен аяқтады.