Тоқаев Бернемді Ұлыбританияның премьер-министрі қызметіне кірісуімен құттықтады

Автор: Асыл Арман

Президент екі ел арасында қарым-қатынас деңгейі жоғары екенін атап өтті

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемді Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің премьер-министрі қызметіне кірісуімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынас деңгейі жоғары екенін атап өтіп, екі ел халықтарының мүддесі үшін саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағытында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін растады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, достас Біріккен Корольдік халқына бақ-береке тіледі», – делінген Ақорданың хабарламасында.