Түркістан облысында ер адам туған анасын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

Автор: Асыл Арман

Ресми емес мәліметтерге сәйкес, оған бала кезінен церебралды сал ауруы диагнозы қойылған

Фото: istockphoto.com

Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының тұрғыны өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Жетінші арнаға» сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ер адам өз үйінде анасына пышақ жарақатын салған. Күдіктінің жасы шамамен 40-та. Ресми емес мәліметтерге сәйкес, оған бала кезінен церебралды сал ауруы диагнозы қойылған. Қайғылы оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз.

«Түлкібас ауданы тұрғынының өлімі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр. Тергеу жалғасып жатыр. Іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім тергеу аяқталғаннан кейін қабылданады.