Түркияда той кортежі апатқа ұшырап, 9 адам зардап шекті

Автор: Аягөз Құрмаш

Олар дереу ауруханаға жеткізілді

Фото: Haber Global

Түркияның Малатья провинциясындағы Доғаншехир ауданында ірі жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан тоғыз адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Haber Global мәліметше, апатқа ұшыраған көліктердің барлығы кортеж құрамында келе жатқан.

Оқиға орнына жедел түрде төтенше жағдай қызметтерінің мамандары жетті. Зардап шеккен 9 адамның бәрі дереу ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты бойынша тергеу басталып, қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.