Ғарыш кемесінің бортында Халықаралық ғарыш станциясының үш экипаж мүшесі болды
Халықаралық ғарыш станциясы экипажын алып келген «Союз МС-28» басқарылатын ғарыш кемесінің қону аппараты Қазақстан аумағына сәтті қонды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, қону Ұлытау облысындағы Жезқазған қаласы маңында Астана уақытымен сағат 16:27-де жүзеге асты.
Жерге «Роскосмос» ғарышкерлері Сергей Кудь-Сверчков пен Сергей Микаев, сондай-ақ NASA астронавты Кристофер Уильямс оралды.
«Бүгін Мәскеу уақытымен сағат 13:27-де «Союз МС-28» кемесінің қону аппараты Жезқазған қаласы маңына қонды. Бортта «Роскосмос» ғарышкерлері Сергей Кудь-Сверчков, Сергей Микаев және NASA астронавты Кристофер Уильямс болды. Таңертең кеме «Рассвет» модулінен ажыратылды», – деп мәлімдеді «Роскосмос» баспасөз қызметі.
Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, кемені орбитадан шығару және Жерге түсіру жұмыстары штаттық режимде өтті.