«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалының үгіт-насихат тобы Атырау қаласындағы «Насиха» сауда орталығы, «Дина» базары және қоғамдық көліктерде тұрғындар арасында ақпараттық үгіт-насихат материалдарын таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үгіт-насихат барысында тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, ақпараттық парақшалар үлестірілді. Сондай-ақ азаматтарға партияның басымдықтары жөнінде қысқаша мәлімет беріліп, олардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды.