Өңірлік штаб өкілдері азаматтарға ақпараттық-үгіт материалдарын таратады
«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері мен кандидаттары еліміздің қалалары мен өңірлерінде тұрғындармен белсенді түрде жүздесуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары талқыланып, өңірлердегі өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылуда.
Өңірлік штаб өкілдері азаматтарға ақпараттық-үгіт материалдарын таратып, тұрғындардың сұрақтарына жауап беруде.