AUYL JASTARY жастар қанаты үгіт-насихат науқаны аясында өтетін іс-шараларды таныстырды

Автор: Azattyq Rýhy

Экологиялық акциялар мен музыкалық жобалар еліміздің жастарын біріктіреді

Фото: «Ауыл» партиясының баспасөз қызметі

«Ауыл» партиясының төрағасы, Республикалық сайлау штабының жетекшісі Қайрат Айтуғанов партияның жастар қанаты AUYL JASTARY-дің сайлауалды үгіт-насихат науқанын өткізуге дайындығымен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің барлық өңірінде партияның үгіт-насихат материалдарын орналастыру жұмыстарына 2 мыңнан астам жас белсенді тартылмақ. Алдағы бір айда Қазақстанның барлық өңірлерінде, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастардың қатысуымен 200-ге жуық іс-шара өтеді.

«Таза ауыл» экологиялық акциялары, велошерулер, «Ауылым – әнім» музыкалық жобасы, Open Mic алаңдары, «Менің Қазақстаным» және «Менің алғашқы сайлауым» бастамалары 200 мыңнан астам жасты қамтиды.