Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады
«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылғы 27 шілдеге, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде бұршақ пен дауыл күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің хабарлауынша, батыс, солтүстік-шығыс, шығыс және орталық өңірлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауып, дауылды жел тұрады, ал Шығыс Қазақстанда қатты нөсер, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр күтіледі. Сонымен қатар елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.
Синоптиктердің болжамынша, республика бойынша жел күшейіп, батыс, оңтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал, ал солтүстік пен шығыста түнде және таңертеңгі сағаттарда қалың тұман түседі.