Каспий теңізінде жер сілкінісі болды

Автор: Дәулет Ботагөз

26 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 03:04-те магнитудасы 3,2 баллды құрайтын жер сілкінісі болған

Фото: © istockphoto.com

Каспий теңізі акваториясында магнитудасы 3,2 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Төтенше оқиғадан зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy АЗЕРТАДЖ-ға сілтеме жасап.

Әзербайжан Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының Жер сілкіністерін зерттеу бюросының мәліметінше, 26 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 03:04-те магнитудасы 3,2 баллды құрайтын, тереңдігі 20 шақырымдық жер асты дүмпулері тіркелді. 

Оқиға салдарынан инфрақұрылымдарға зақым келген жоқ, жағдай толықтай тұрақты.