Символдық мәні бар сыйлық: Тоқаев Путинге ерекше сыйлық табыстады

Сыйлықта Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский бейнеленген

Символдық мәні бар сыйлық: Тоқаев Путинге ерекше сыйлық табыстады
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге символдық сыйлық тарту етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентінің шақыруымен 25 шілдеде Омбы қаласына барып, Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумына қатысты.

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге қазақтың көрнекті ғалымы әрі саяхатшысы Шоқан Уәлиханов пен ұлы орыс жазушысы Федор Достоевский бейнеленген картинаны сыйға тартты.

Форум барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің шекаралас өңірлерін жаңа әуе рейстерімен байланыстыруды ұсынды. Өз кезегінде Владимир Путин екі ел халықтарын ортақ тарихтың байланыстырып тұрғанын айтты.