Respublica партиясының мүшелері Қазақ тағамтану академиясының зауыты еңбек ұжымымен кездесті

Автор: Аягөз Құрмаш

Кездесуде ашық пікір алмасу өтті

Фото: видеодан скриншот

Respublica партиясының мүшелері «AMIRAN» Қазақ тағамтану академиясының зауытының еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, қатысушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Еңбек ұжымының өкілдері көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауап берілді, ашық пікір алмасу өтті. Партия өкілдері мұндай кездесулердің халықпен ашық диалог орнатуға және маңызды мәселелерді бірлесіп талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.