Қазақстан халық партиясының кандидаттары Павлодарда еңбек ұжымдарымен кездесті

Автор: Асыл Арман

Кездесу барысында қатысушылар еңбек қатынастары, денсаулық сақтау және білім беру салаларына қатысты мәселелерді талқылады

Фото: Видеодан скрин

Павлодарда Қазақстан халық партиясы атынан Құрылтай депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат іс-шаралары өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сапар барысында Нұрсұлтан Шоқанов бастаған делегация «Тотал-Сервис» ЖШС мен «ENERGY SERVICE – PVL» ЖШС еңбек ұжымдарымен кездесті.

Кездесу «ашық микрофон» форматында ұйымдастырылды. Жұмысшылар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойды.

Кездесу барысында қатысушылар еңбек қатынастары, денсаулық сақтау және білім беру салаларына қатысты мәселелерді талқылады.

Кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған бағыттар туралы ақпарат берді.