Оқиға кезінде үйінде баланың анасы болған
Бауыржан Момышұлы даңғылы бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде он үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен жеті жасар бала құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде анасы үйде болған. Бала қонақ бөлмедегі терезеден абайсызда құлап кеткен.
Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерге балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін ескертеді. Атап айтқанда:
Сонымен қатар полиция масаға қарсы орнатылған торлардың баланы құлап кетуден қорғай алмайтынын ескертеді, олар баланың салмағына есептелмегендіктен, кез келген сәтте сынып немесе босап кетуі мүмкін.