Өңірлік филиалдар халықпен кездесулер ұйымдастырып, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып жатыр
«Ақ жол» демократиялық партиясы республика бойынша сайлауалды үгіт-насихат науқанын белсенді түрде атқаруда. Еліміздің әртүрлі өңірлерінде партия өкілдері сайлаушылармен жүздесіп, үгіт-насихат материалдарын таратуда және түсіндіру жүргізуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңірлік филиалдар халықпен кездесулер ұйымдастырып, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып жатыр. Партия жетекшісі Дания Еспаева, кандидаттар мен белсенділер азаматтармен тікелей диалог құрып, баспа материалдарын ұсынуда.
Басты міндет – тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерді талқылап, бағдарламаның негізгі бағыттарын әрбір сайлаушыға жеткізу.